Ашық есік күні

Ашық есік күні

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ (бұдан әрі – Мәдениет басқармасы) мемлекеттік органдардың айқындық, транспаренттілік, ашықтық қағидатын қамтамасыз етуі және сақтауы, сондай-ақ  азаматтар тарапынан сенімді және мемлекеттік аппараттың беделін арттыру мақсатында 2023 жылдың 15 наурызында «Ашық есік күні» өткізілді.

Мәдениет басқармасына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих» мамандығының бірінші курс студенттері келді.

Мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы конференц-залда студенттерге мемлекеттік органның жұмысы туралы сөз сөйлеп, студенттерге мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу тәртібі мен мәдениет ұйымдарының қызметін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар мәдениет басқармасы орналасқан ғимараттың тарихымен таныстырды.

Мәдениет басқармасына келген студенттер бөлімдердің жұмысымен, негізгі міндеттерімен, функцияларымен танысты.

Сондай-ақ студенттер Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ-де болды, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорының «Ұлы дала әміршілері» көрмесі бойынша студенттерге экскурсия өткізілді.