«Астана – мәңгі жасар құтты мекен» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті

«Астана – мәңгі жасар құтты мекен» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті

2 ақпанда елордамыз – Астана қаласының 25 жылдығын мерекелеу аясында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Астана – мәңгі жасар құтты мекен» атты кітап көрмесінің тұсаукесерін өтті.

Көрмеде тәуелсіз Қазақстан астанасының қалыптасуы мен даму тарихын ашып көрсететін әдебиеттер ұсынылды.

Республикаға танымал фотограф Шүкір Шахайдың «Астана Қазақстанның жүрегі»,  «Астана үшін мың тағзым!» фотоальбомдары қонақтардың назарын ерекше аударды. Зиябек Кабульдиновтың «Астана: прошлое и настоящее» монографиясы да адамдардың айтарлықтай қызығушылығын тудырды.

Көрменің тұсаукесерінде сөз сөйлеген тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Серікжан Сағындықұлы Исмаилов, Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы меңгерушісінің ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Амантайқызы Өтелбаева, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Тобыл Тілегенұлы Жандаулетов жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге, олардың әрқайсының еліміздің және оның басты қаласы – Астананың тарихи оқиғаларына қатысы бар екенін түсіндіруге, олар үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға шақырды.

Көрме кітап инсталляциясымен сүйемелденді.

Тұсаукесерге 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері, Қостанай қаласы полиция басқармасының курсанттары, қаланың білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттері қатысты.