Тарихи-мәдени мұра

Тарихи-мәдени мұра

Мәдениет саласының маңызды басты міндеттерінің бірі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын және отандық мәдениетін халықтың тарихи тағдырының куәгері, оның дамуының негізі, адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәріптеу болып табылады.

Бүгінгі күні Қостанай облысының аумағында 1140  тарих және мәдениет ескерткіші бар, солардың ішінде 5-уінің республикалық маңызы бар (екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Л. И. Беданың мүсіні, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры И. Ф. Павловтың мүсіні, Ы. Алтынсарин ескерткіші, Екідің I және Екідің II ғұрыптық құрылыстары) және  1135 тарих және мәдениет ескерткіштің жергілікті маңызы бар, оның  ішінде 1051 археология ескерткіші, 41 монументтік өнер құрылысы, 39 -  қала құрылысы және сәулет, 4 киелі объект.

Өңірдің сакралды картасына облыстың 39 сакралды нысаны (жалпыұлттық маңызы бар - 10, өңірлік  маңызы бар - 29) кірді.

Қостанай облысының музейлерін өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жас ұрпақтың жасампаз өмірлік ұстанымдары мен этникалық сана-сезімдерін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар біріктіреді.

Қостанай облысының мұражай желісіне 9 мемлекеттік музей кіреді,солардың  3-уі мемориалдық музей болып табылады (Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музей, А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музей, Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың мемориалдық музейлерін біріктіретін Торғай музейлер Жангелдин кешені).