Нұржан Наушабайұлы атындағы «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» ІІІ республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы

Нұржан Наушабайұлы атындағы «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» ІІІ республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17-18 қарашасында «Алтын дән» мәдениет үйінде (Тобыл қаласы) Н. Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: Нұржан Наушабайұлының шығармашылығын кеңінен, тереңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарды өнерге баулып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету.

Байқаудың қазылар алқасының мүшелері: төрағасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Шыңғыснама» тарихи жыр жинағының және «Жыр керуені» жинағының авторы, белгілі жырау, фольклор зерттеуші Алмасбек Алматов; Ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет және жас ақын, ғалым Батырлан Сағынтаев.

Нұржан Наушабайұлы атындағы «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» ІІІ республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауына Қызылорда, Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай өңірлерінен 17 үміткер қатысты.

Қазылардың бағалауы бойынша қатысушылар:

Бас жүлде Арғынбек Бейбітхан (Қостанай облысы, Феборов ауданы), 700 мың теңге;

1 орын – Ұлдана Нұртуған (Астана қаласы), 500 мың теңге;

2 орын – Айбат Серікхан (Астана қаласы), 400 мың теңге;

3 орын – Елдос Жакиев (Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды ауылы) және Айбике Таңатарова (Алматы қаласы), 300 мың теңгеден.