Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» ІІІ республикалық әзіл-сықақ театрлары арасындағы байқау-фестиваль

Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы»  ІІІ республикалық әзіл-сықақ театрлары арасындағы байқау-фестиваль

2022 жылдың қазан айының 13-14 күндері Қостанай ауданы, Тобыл қаласы «Алтын дән» мәдениет үйінде Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» ІІІ республикалық әзіл-сықақ театрлары арасында байқау-фестиваль өтті.

Байқаудың мақсаты: Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасын насихаттау; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру; облыстағы әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберлігін шыңдау, өңіріміздің талантты өнерпаздарын анықтау; әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру, жандандыру.

Байқау-фестиваліне төрелік еткен қазылар алқасының құрамында:

Көпен Әмірбек - Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Президент сыйлығының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің  иегері, ақын, сатирик, қазылар алқасының төрағасы.

Асылбек Боранбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ТТТ» театрының директоры, Тамаша ойын-сауық театрының белгілі актері.

Нұрлыбек Жұбатқан – жазушы-сатирик, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Екі езу» театрының көркемдік жетекшісі.

Сейіт Кенжеахметовтың қызы, белгілі ұстаз-ғалым, Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері, «Жеті қазына» этнопедагогика бойынша бағдарлама авторы, «Әлем көшбасшысы» құрметті атағының иегері, Астана қаласының 59 мектеп-лицей директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Зәмзагүл Кенжеахметова кеш қонағы болды.

Фестивальге 6 облыстан (Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай) 10 әзіл-сықақ театры қатысты. Әр театр Сейіт Кенжеахметов шығармаларынан және еркін тақырыпта екі қойылым ұсынды.

Қазылардың бағалауы бойынша қатысушылар: Бас жүлде Ақтөбе облысынан келген «Түйреуіш» әзіл-сықақ театры (500 мың теңге); бірінші орын Түркістан облысы «Күлкі терапиясы» театры (300 мың теңге); екінші  орын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Бозжыра» театры (250 мың теңге); үшінші орын Атырау облысы «Ара-Атырау» сатира театры (200 мың теңге) сыйлық алды. Ғұмар Ахметчин атындағы арнайы сыйлық Жамбыл облысы, Талас ауданынан келген «Талас» халық театры алды. Қалған қатысушылар фестивальдің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар (100 мың теңге) жүлде берілді.

Конкурс-фестиваль шеңберінде «Екі езу» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан «Күлкі қайдан шығады?» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.