Қуыршақ театры Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті

Қуыршақ театры Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын  атап өтті

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде қуыршақ театры № 7 «Строительный» кітапхана – филиалымен бірлесіп, ағартушы, лингвист – ғалым, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының               150 жылдығына орай «Халықтың рухани ұстазы» атты шығармашылық кеш өткізді. № 5 «А» мектеп-гимназиясының оқушылары ұлы ақынның өмірбаянынан қызықты деректермен танысып, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диханшысы» атты бейнероликті тамашалап, оның есімімен аталатын көше бойынша виртуалды серуен жасады. Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағына енген             И. Крыловтың «Көкек пен әтеш», «Қарға мен түлкі» және «Айна мен маймыл» атты әйгілі мысалдарын сахналаған қуыршақ театры әртістерінің қойылымы балалар үшін үлкен тосын сый болды.

Іс-шара соңында ертегі кейіпкерлерімен фотосессия өтіп, балаларға 1912 жылы жарық көрген алғашқы «Әліппеге» негіз болған қазақ әліпбиі басылған кітап бетбелгілері табыс етілді.