Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» V Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» V Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі

Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын 2022 жылғы 19-20 тамызда өтетін Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» V Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестиваліне қатысуға шақырамыз. Фестиваль Қала Күніне орайластырылып, Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасына арналған.

2022 жылдың 19 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде құрметті қонақтар мен фестиваль кеңесінің мүшелерінің, реконструкторлардың, қолданбалы-суретшілердің, қолөнершілердің қатысуымен дөңгелек үстел және «Ұлы Дала: мыңжылдықтар дөңгелегі»фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

2022 жылғы 20 тамызда Гашек көшесі бойындағы жағалауында фестиваль қатысушылары мен қонақтарын археометаллургия, киіз басу, кілем тоқу, зергерлік шеберлік, былғары мен ағаштан бұйымдар жасау бойынша қызықты шеберлік сыныптары күтеді. Ежелгі жауынгерлік өнерді жауынгер-реконструкторлар көрсетеді. Қола дәуірінің күймесі, сақ жауынгерінің киімдері мен қару-жарақтары, көне
ұстахана және сауыт шеберханасының жаңғыртулары көрсетіледі.

Барлықтілек білдірушілер үшін қолөнершілер бұйымдары мен кәдесыйлардың көрме-сатылымы ұйымдастырылады.

Фестивальдің ресми сайты: https://desht-thor.webtraining.education/