Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары!

Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары!

Қостанайда алғаш рет Қала күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л. Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітап палатасының (Алматы қ.), «Фолиант» (Нұр-Сұлтан қ.), «Атамұра» (Алматы қ.), «Qasym баспа үйі – кітаптар» (Қарағанды қ.), «Қарлығаш» (Қостанай қ.) кітап баспаларының қатысуымен «Kostanay Book Fair» кітап жәрмеңкесін өткізеді!

19 және 20 тамызда қаланың қақ ортасында сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін сіздерге қазақ және орыс тілдерінде шығарылған алуан түрлі тақырыптағы ең үздік әдеби басылымдар ұсынылады және оларды қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

Кітап жәрмеңкесі Қостанай мен облыстың белгілі ақындарымен және жазушыларымен, әдебиет және қоғам қайраткерлерімен болатын әңгімелермен және сұхбаттармен сүйемелденетін болады. Сіздерді кітаптардың тұсаукесерлері, викториналар, көрмелер, түрлі зияткерлік ойындар, музыкалық нөмірлер және тағы басқалар күтеді!

Кітап жәрмеңкесі кез келген жастағы көрермен үшін қызықты болмақ, ал кітап сүйер қауым өзінің жүрегіне жақын шығармаларды таңдап ала алады!

Сіздерді «Kostanay Book Fairде» күтеміз!