«Шектеусіз музей» - балалардың жазғы сауықтыру лагерлеріндегі демалушыларға арналған мәдени-білім беру акциясы

«Шектеусіз музей» - балалардың жазғы сауықтыру лагерлеріндегі демалушыларға арналған мәдени-білім беру акциясы

2022 жылдың 28 шілдесінде Балалар жылы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шектеусіз музей» атты "Чайка" балалардың жазғы сауықтыру лагерлеріндегі демалушыларға арналған мәдени-білім беру акциясын өткізді.

Музей қызметкерлері қызықты сайыс-ойын бағдарламасын дайындады, сонымен қатар «Тобыл жағалауындағы қала» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Балалар білім өрістерін кеңейтіп, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге бөленді.