«Пленэр - 2022» - Қарабалық ауданындағы облыстық көркемсурет жобасы

«Пленэр - 2022» - Қарабалық ауданындағы облыстық көркемсурет жобасы

18 - 22 шілде аралығында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қарабалық ауданының ең көрікті жерлерінде жоспарлы іс-шара - «Пленэр-2022» облыстық көркемсурет жобасын өткізді. 

Жобаға Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымының басқарма төрағасы Вадим Быков, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Андрей Арискин және Светлана Каратаева қатысты. Сондай-ақ жобаға қостанайлық атақты суретші Олег Кусков, Рудный қаласының суретшісі Лариса Багриенко, Лисаков қаласының суретшісі Елена Николенко, атақты қостанайлық фотограф Иван Мармалиди қатысты. Жобаға жаңа бастаған жас авторлар Алина Николенко (Лисаков), Оксана Тренина (Қостанай), Алиса Багриенко (Рудный) да қатысты.

Пленэр қазақ ұлттық журналистикасының негізін қалаушы Мұхамеджан Сералиннің туған жерінде өтті. Қарабалық болысына қарасты Өрнек ауылында дүниеге келген белгілі жазушы және журналистің туғанына 2022 жылы 8 қарашада 150 жыл толады. Өрнектің қайталанбас табиғатынан шабыттанған суретшілер өздерінің нобайларын ынтамен салды.

«Пленэр - 2022» жобасы Өрнек ауылдық округінің әкімі Қалдаманов Оразхан Мұхтарбекұлы мен маман Юлия Прудникованың белсенді көмегінің арқасында сәтті жүзеге асты. Оларға шексіз алғысымызды білдіреміз!