«Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты облыстық күйшілер байқауы

«Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты облыстық күйшілер байқауы

2022 жылдың 29 маусымында Жастар сарайының конференц залында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты облыстық күйшілер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: күйшілік өнерді дәріптеу және насихаттау, жас орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, халық композиторлары мен Тобыл-Торғай композиторларының күйлерін халыққа кеңінен насихаттап, домбырашылардың репертуарын толықтыру.

Байқаудың қазылар алқасы күй өнерінің кәсіби мамандарынан құрылды. Қазылар алқасының төрағасы – Хамитов Мұрат Сәбитұлы,                 Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының                      Н. Молдахметов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты; Шахметова Лаура Исатайқызы – Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Н. Молдахметов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері; Амирова Күлхауан Сейілханқызы – Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның Н. Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің 2-ші домбыра-тенор тобының концертмейстері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

«Күмбірле, қоңыр домбыра» байқауына 9 өнерпаз қатысты.

I орынды Рудный қаласынан Бекзат Байсалбаев (100 000 теңге),               II орынды Рудный қаласынан Ділназ Махамбетова (80 000 теңге), ІІІ орынды Рудный қаласынан Молдабек Абылайхан (60 000 теңге) жеңіп алды, Меңдіқаралық Мұқажар Ораз Ахмет Байтұрсынұлы атында арнайы сыйлықты (55 000 теңге), Науырзым ауданынан келген Аңсаған Нұрғалиев Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы арнайы сыйлықты (77 000 теңге) иеленді.

Байқауға қатысқан басқа өнерпаздарды Қостанай облысы Күйшілер одағының төрағасы Батырбек Байназаров Алғыс хаттармен марапаттады.