Облыстық «Ғасырлар пернесі» қазақ ұлт ансамбльдерінің фестивалі

Облыстық «Ғасырлар пернесі» қазақ ұлт ансамбльдерінің фестивалі

2022 жылғы 29 маусымда Жастар сарайының концерт залында Ұлттық домбыра күніне арналған облыстық «Ғасырлар пернесі» атты қазақ ұлт аспаптар ансамблдерінің фестивалі өтті.

Фестивалдің мақсаты ұлттық өнерді дәріптеу және насихаттау, ұлт аспаптар ансамблдерінің орындау кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.

Фестивальға Арқалық, Қостанай қалаларының, Қостанай, Меңдіқара, Алтынсарин, Б. Майлин аудандарының ұжымдары қатысып, өнер көрсетті.

Іс-шара соңында барлық қатысқан ұжымдарға дипломдар мен 150 мың теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды.