«Dala fest» шығармашылық марафоны

«Dala fest» шығармашылық марафоны

2022 жылдың 3 маусымда қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті түрколог, ХХ ғасырдың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығына тойлау шеңберінде шығармашылық марафон басталды. Қостанай ауданы, «Алтын дән» мәджениет үйінің өнерпаздары бастап,  А. Байтұрсынұлы ескерткішінің алаңында өнер көрсетті.

Әр жұма сайын орталық саябақта шығармашылық марафон жалғасуда. Маусым айында Наурызым, Меңдіқара, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарының шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары қаланың тұрғындары мен қонақтарына өнер көрсетті.

Ұлттық домбыра күніне орай 1 шілде күні Алтынсарин ауданының мәдениет үйі өз шығармашылықтарымен бөлісіп, концерттік бағдарлама ұсынады.