ҮББ-4 және адалдық

ҮББ-4 және адалдық

2022 жылғы 11 мамырда әдеп жөніндегі уәкіл К.Ж. Сюндиков Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасында семинар-кеңес өткізді.

Күн тәртібі: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және адалдықты қалыптастыру. Үлгілік базалық бағытты іске асыру -4.

К.Сюндиков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тұжырымдамалық өзгерістерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысы мен парасаттылықты қалыптастырудағы басым бағыттар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол облыстық деңгейде жобалық басқару, ҮББ-4, рейтингтік бағалауды кезең-кезеңмен енгізу туралы хабардар етті.

Қостанай облысының қоғамдық кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында жасалған меморандум шеңберінде кеңес мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа қатысуы жоспарлануда.

Семинарға қатысушылардың назары жоспарды іске асыру үшін жеке жауапкершілікке аударылды. Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тарту мәселелері талқыланды. Басқармаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу форматын кеңейту бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды және ұсынымдар берілді.