2022 жылғы 22-24 сәуір аралығындаҚостанай қаласы Жастар сарайында «Алтын микрофон – 2022» XІХ Халықаралық ән байқауы өтті.
Байқау вокалдық өнердің жас талантты орындаушыларын анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани бірлігі идеясын, бейбітшілік халықтарының достығын, ұлтаралық және мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамыту және тарату, шығармашылық байланыстар орнату, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Алтын микрофон-2022» байқауына 7-ден 23 жасқа дейінгі төрт жас аралықтарындағы 49 қатысушы қатысты. Қазақстаннан өзге Болгария, Армения және Қырғызстан елдерінен үміткерлер қатысты.
22 сәуірде конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетулерінің бірінші туры, 23 сәуірде екінші туры өтті. 24 сәуірде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және Гала-концерт өтті.
Қазылар алқасының төрағасы – Жеңіс Сейдоллаұлы, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазылар алқасының мүшелері: Қарлығаш Әбдікәрімова (Алматы, Қазақстан), Николай Текелиев (Болгария), Вреж Киракосян (Армения), Глеб Лапицкий (Беларусь), Гүлнара Тойғанбаева (Қырғыстан), Татьяна Апанасенко (Украина), Г.лбану Абдуллина (Қостанай, Қазақстан).
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Кіші топ (жасы: 7-10 ж. )
ІІІ орын – Сатымова Ильназ (Жітіқара ауданы)
ІІ орын – Түгел Сағындық (Қостанай қ.)
І орын – Тамерлан Абдолда (Алматы облысы, Боралдай к.)
Орта топ (жасы: 11-13 ж.)
ІІІ орын – Аюпова Ясмин (Жітіқара қ.)
ІІ орын – Базарбай Мөлдір (БҚО, Орал қ.)
І орын – Кунадилова Адель (Нұр-Сұлтан қ.)
Ересек топ (жасы: 14-17 ж.)
ІІІ орын – Муканов Ерасыл (Нұр-Сұлтан қ.)
ІІ орын – Балбаева Айдай (Қырғызстан, Бішкек қ.)
І орын – Алина Сагинбаева (Нұр-Сұлтан қ.)
Кәсіби топ (жасы: 18-23 ж.)
ІІІ орын – Багдаулет Ермахан (Нұр-Сұлтан қ.)
ІІ орын – Сапаргалиева Дильназ (Нұр-Сұлтан қ.)
І орын – Арцрунян Татевик (Армения, Ереван қ.)
«Алтын микрофон – 2022» XVIIІ Халықаралық ән байқауының қорытынды Гала-концерті 24 сәуірде Жастар сарайында өткізілді. Бас жүлдесін Болгариядан келген әнші Славея Иванова (Шумен қаласы) жеңіп алды. Жүлдені Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова тапсырды.
Жеңімпаздарға 100 мыңнан 300 мыңға дейін ақшалай сыйлықтар берілді. Бас жүлде – 500 мың теңге.
«Алтын микрофон» байқауының (Гран-При, лауреаттар) жеңімпаздарына Қазақстанда, Ресейде, Беларусияда, Болгарияда, немесе Еуропа мен Азия елдерінде (жыл бойы) өткізілетін халықаралық байқаулардың біріне қатысу құқығы беріледі.