«Дегдар» гуманитарлық қорының сыйы

«Дегдар» гуманитарлық қорының сыйы

2021 жылғы 26 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева Қостанай ауданы «Алтын дән» мәдениет үйінің қазақ этномәдени бірлестігінің жетекшісі Айнұр Сейітоваға 20 домбыра табыс етті.

Аспаптар ағымдағы жылдың сәуір айында АМҮ базасында ашылған «Шаңырақ» ұлттық орталығының жұмысының қажеттілігіне пайдаланылады. Бұл қуанышты оқиға аудан мен облыстағы қазақ аспаптық шығармашылығының дамуына жаңа серпін береді.