100-ші маусымның ашылуы

100-ші маусымның ашылуы

22 қазанда облыстық орыс драма театрының 100-ші мерейтойлық театр маусымының ашылуы шеңберінде украин суретшісі Ольга Дитте туындыларының «Женщина и женское восприятие мира в цветах» көрмесі ұйымдастырылды және театр музейінің ашылымы болды. Музейге кіре берістегі дәстүрлі лентаны ҚР еңбек сіңірген әртісі, бүкіл ғұмырын театрға арнаған Антонина Олейникова мен Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қиды. Музейдің алғашқы келушілері үшін нағыз тарихқа бойлау болды. Театр әртістері тарихты сүйетін экскурсоводтардың да, адамды кейбір мамандықтарда оңай ауыстыруы мүмкін роботтардың да бейнесін әп сәтте жасап шықты. Қостанайдың көшелерінде бұдан жүз жыл бұрын ілінген афишалар көне жәдігерлердің бірі болды.

«Про100art» театр қойылымына театрдың бүкіл труппасы қатысты: ҚР еңбек сіңірген әртісі Антонина Ивановна Олейникова, сахна шеберлері Любовь Ивановна Ромадина, Валентина Андреевна Битюкова, театрдың жетекші әртістері Олег Смирнов, Юлия Кудряшова, Анна Удесиани, Олег Бабанов, Наталья Дедюх, Александра Зникова, Руслан Бушинский және т.б.

Юмористік бағдарлама көрермендерді театр тарихымен және оның жетістіктерімен, әр жылдардағы жетекші әртістерімен, болашақ шығармашылық жоспарларымен таныстырды.