«Идеядан практикаға: шығармашылық арқылы жаңа кітапханаға»

«Идеядан практикаға: шығармашылық арқылы жаңа кітапханаға»

2021 жылдың 28 шілдесінде Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК «Идея және практика: шығармашылық жаңа жетістіктерге жетелейді» атты семинар өтіп, онда облыс кітапханашылары кітапхана тәжірибесіне табысты енгізіліп жатқан жаңа идеяларымен, шығармашылық табыстарымен бөлісті.

Биылғы жыл Қазақстан Республикасында балалардың кітап оқуына арналған, сондықтан семинарды балаларға қызмет көрсету мәселелеріне арналған баяндамалардан бастау орынды болды.

«Рудный ОКЖ» ММ № 6 кітапхана-филиалының меңгерушісі Ванюкова Светлана Леонидовна «Креативные формы работы с детьми и юношеством – путь к открытому общению» атты баяндамасында Рудный ОКЖ кітапханаларының балалармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.

Бейімбет Майлин ауданы ОКЖ аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ералиева Гүлнұр Владимировна бірнеше жылдан бері оқырман балаларды қазақ қолданбалы шығармашылығына үйрететін клубты жүргізіп келеді. Оның баяндамасы «Кітапхана шығармашылығына бағыт беруші» (кітапханашының балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу қызметі) деп аталды.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбын Денисов ОКЖ басшысының орынбасары Сафронова Ирина Сергеевна «Детская библиотека: территория творчества» баяндамасында жалғастырды.

Кітапханалар үшін тағы бір маңызды тақырып және шабыт пен идеялардың сарқылмас қайнар көзі – өлкетану тақырыбы. Арқалық қ. №2 ОӘҒК басшысының орынбасары Жанғалиева Роза Жылқыбайқызы «Краеведческая деятельность библиотеки как культурный код родной земли» атты баяндамасын осы тақырыпқа арнады.

Тақырыпты Қостанай аудандық ОКЖ әдіскері Роза Қайырқанқызы Сатбаева жалғастырды және ол «Современная библиотека – центр возрождения и развития культурного наследия» атты баяндамасында «Дәстүр мен ғұрып» кітапханалық арнайы жобасы туралы айтып берді.

Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК басшысы екінші жыл кітапханашыларға арналған медиасауаттылық сабақтарын өткізіп келеді. Бұл кітапханалар үшін өте маңызды тақырып. Кітапханалардың халық арасында медиасауаттылықты ілгерілетудегі рөлі туралы Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК басшысы Дариға Төребайқызы Дүйсебаева айтып берді.

Семинар «По страницам профессиональных сайтов и журналов» шолуымен аяқталды, оны Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Дина Маратқызы Шақарова өткізді. Ол кәсіби журналдарда біздің басқа облыстардағы және мемлекеттердегі әріптестеріміз ұсынатын жаңа әдістер мен идеялар туралы айтып берді.