«Экологиялық соқпақ» - Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалымен бірлескен іс-шара

«Экологиялық соқпақ» - Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалымен бірлескен іс-шара

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ЧелМУ-ң Қостанай филиалымен бірлесіп «Экологиялық соқпақ» іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде студенттер Тобыл қаласының, жылқы зауытының тарихымен танысып, Тасты көлдің мөлдір бұлақтары, флористикалық жәдігерлер, дәрілік қасиеті бар және Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер туралы білді. Табиғатты қорғау тақырыбы бойынша байқаулар ұйымдастырып, «Байкер алаңы» демалыс орнын қоқыстан тазартты. Шара соңында қатысушыларға  грамоталармен және естелік сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, музейде тәжірибеден өткен ҚӨУ-ң агробиофак студенттері «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында гербарийлер дайындап, фотоматериалдар жинақтады.

 

https://www.facebook.com/100014426732442/videos/1084945485329666/

https://vk.com/video397862586_456239410?list=3948c1be5c24fa216c

https://www.instagram.com/tv/CQGRuzmgB7B/?utm_source=ig_web_copy_link