«Ұрпақтар сабақтастығы» Алпысовтар отбасымен кездесу

«Ұрпақтар сабақтастығы» Алпысовтар отбасымен кездесу

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 маусым күні Қостанай ауданының (Тобыл қаласы) «Алтын дән»  мәдениет үйінде «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Алпысовтардың шығармашылық отбасымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы негізінде халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері қиссалары мен жырларын сақтау және жыршылық өнерді насихаттау.

Кездесу кешінде белгілі жыршы, термеші Нағашыбай Алпысов Тобыл-Торғай өңірінің жыршылық мектебінің тарихына тоқталып, І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының әуендік ерекшеліктерін үш түрлі мақамда орындап көрсетті.

Жыршының жолын қуып, дәстүрлі өнердің дамуына үлес қосып жүрген балалары Абзал, Серік, Әбдарахман Алпысовтар жыр, терме, авторлық әндерін орындап, ұлттық өнер жайында өз ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі Ә. Кушкимбаева Алпысовтар отбасына шығармашылық табыс тілеп, Мәдениет басқармасының басшысы Е. Қалмақовтың алғыс хатын табыстады.