Ерекше жерде қызықты кездесу

Ерекше жерде қызықты кездесу

04 маусым күні Мәдениет басқармасының «Мәдени ауласында» қала тұрғындары «Наша репка» спектаклінің қойылымына қатысып, қуыршақ театрының актерлеріне айналды.

Ең қызығы, спектакльдегі барлық рөлдерді аула қонақтары орындады. Ойын олардың ертегі әлеміне енулеріне мүмкіндік берді, ертегі кейіпкерлеріне айналудан қуанышқа және эмоциялық қанағатқа бөленді.