Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші, сазгер Бақытжан Сәуекеновтың «Өнерім-өмірім» атты шығармашылық кеші

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші, сазгер Бақытжан Сәуекеновтың «Өнерім-өмірім» атты  шығармашылық кеші

10 маусым күні Қостанай облысы Меңдіқара ауданы «Юбилейный» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші, сазгер Бақытжан Дәуренұлы Сауекеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Өнерім-өмірім» атты шығармашылық кеші өтті.

Сонымен қатар, Бақытжан Сәуекеновтің «Жүректі ән тербетер» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кеште сахна төрінен Бақытжан Сауекеновтың облысымыздың мәдениет саласының және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі, шығармашылық еңбегі мен талантына ризашылық сөздер айтылды.

Мерейтой иесін Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов құттықтап, облыс әкімі А. Мұхамбетовтың Алғыс хатын табыстады, сонымен қатар, кешке Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бәлкенұлы Бұқанов, қоғам қайраткері Марат Кәрімұлы Мұстафин және Денсаулық ісінің үздігі Азамат Белгібайұлы Мақзұмов және кеш иесінің өнердегі әріптестері, туған-туыстары қатысты.

Кешке Дарын Жастар сыйлығының иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров, эстрада әншілері Медет Шайкелов, Шаһаризат Сейдахмет, Айтуар Зейнолла және Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының «Ақжелең» ансамблі, облысымыздың үздік әншілері қатысты.