Ыбырай Алтынсарин музейінің ғылыми қызметкерлері Алматы қаласындағы мұрағат қойнауындағы деректі құжаттардың көшірмелерімен музей қорын толықтырды

Ыбырай Алтынсарин музейінің ғылыми қызметкерлері Алматы қаласындағы мұрағат қойнауындағы деректі құжаттардың көшірмелерімен музей қорын толықтырды

Ұлт руханиятының көшін бастаған, қазақ даласына білімнің нұрын шашқан ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы, ХІХ ғасырдың ортасы ХХ ғасырдың басындағы халық ағарту ісінің пайда болу, жетілу және даму тарихын баяндайтын құжаттар ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры мен ҚР мемлекеттік архивінде сақталған. Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай музей қорындағы материалдарды жүйелі толықтыру мақсатында "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ыбырай Алтынсарин музейінің ғылыми қызметкерлері Алматы қаласындағы мұрағат қойнауындағы деректі құжаттардың көшірмелерімен музей қорын толықтырды. Музейдің зерттеу-ізденіс жұмыстары әлі де өз жалғасын табады.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова Ыбырай музейіне ағартушы жайлы жазылған бірқатар құнды әдебиеттер табыс етті.

Музей қорына келіп түскен тың деректер цифрлық форматқа көшірілетін болады.