ІІ халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық шығармашылықтың on-line фестивалі

ІІ халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық шығармашылықтың on-line фестивалі

21-22 наурыз күндері Қостанайда ІІ халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық шығармашылықтың on-line фестивалі өтті.

Бұл ауқымды іс-шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Фестиваль өткізуге бастамашы болған – әлемнің көптеген еліне танымал қостанайлық «Карнавал» хореография мектебі.

Ал би думанының Тобыл төсінде салтанат құруына мұрындық болып, оны облыстық білім және мәдениет басқармалары арқылы Қостанай облысы әкімдігі ұйымдастырды.

Фестиваль өткізудегі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің хореографиялық шығармашылығына қолдау көрсету және оны насихаттау, сондай-ақ ұлтаралық қатынас мәдениеттерін дамыту.

Айтулы өнер салтанатына ТМД-ның мына елдерінен ұзын саны 36 балалар және жасөспірімдер ұжымдары қатысты: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова және Луганск қаласы.

Естеріңізде болса, 15 наурызда көрермендер назарына фестивальдің концерттік бағдарламасы ұсынылған болатын. Фестиваль шарты бойынша, концерт соңында 36 ұжымның әрқайсысы қазақтың «Қара жорға» халық биін орындауы тиістін, сонымен қатар бұл биге өз ұлттарының баршамызға белгілі ерекшеліктері мен бірегей болмыстарын қосуға рұқсат етілді.

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы youtube арнасында https://youtube.com/channel/UCb1UfW3isJFEbx3LrQGRWzA

«Көрермен көзайымы» жүлдесі үшін де онлайн дауыс беру науқанын ұйымдастырды. Нәтижесінде, бұл сыйлыққа екі ұжым лайық деп танылды. Олар – Тараз қаласынан келген «Бозторғай» ансамблі (52% дауыс) және 29% дауыс жинаған Луганск қаласының «Барвинок» ансамблі.

Фестиваль БАҚ-да жарияланды:   http://kostanaytany.kz/archives/96018; https://kstnews.kz/news/culture/item-65948; https://kstnews.kz/newspaper/1010/item-66018; https://top-news.kz/nauryz-dostaryn-sha-yrady/; https://uchitelskaya.kz/vse-rubriki/dopolnitelnoe-obrazovanie/kultura/tanczyi-mirovogo-urovnya-nachnutsya-v-kostanae; https://top-news.kz/v-kostanae-startoval-ii-mezhdunarodnyj-online-festival-nauryz-priglashaet-druzej/; https://uchitelskaya.kz/vse-rubriki/up-news/kostanaj-vstrechaet-nauryiz-tanczami;  https://kstnews.kz/news/culture/item-66739