Қазақ халқының «Бұлақтың кебуіне жол берме!» деген терең мағыналы сөзі бар. Оның мәні табиғат пен адам бірлігінің мәңгілік мерекесінің тууы туралы аңызға, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достыққа, Наурыз мейрамына тікелей қатысты.
Наурыз туралы аңыздардың бірінің желісі бойынша мультипликациялық фильм түсіру идеясы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында пайда болды. Осылайша «Наурыз түралы аңыз» мультфильмі пайда болды. Фильмді жасауға І. Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрының актері Азамат Чукеев қатысты, ол мультфильмнің дауысын салды.
Аңыздың басты мағыналық жүктемесі болатын жарқындық пен жақсылықтың салтанат құруы — аңыздың басты кейіпкерлері - қаһарлы Боран, оның қыздары, немересі мен Наурыз есімді батырдың әрекетімен жарқын сюжеттерде көрсетілді.
Керемет әдемі атмосфералық мультфильм барлығына сиқырлы сезім сыйлайды.