Кітаптың тұсаукесері

Кітаптың тұсаукесері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 25 ақпанда Л.Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ZOOM платформасында публицист, журналист, Алаш қайраткері Ғазымбек Бірімжанның кітабының онлайн тұсаукесері өтті.

Кітаптың жалпы редакциясын басқарған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,  Ә.Бөкейхан атындағы «Алаш» ҒЗИ-ның Ғылыми кеңесінің мүшесі Елдос Тоқтарбай «Ғазымбек Бірімжан. Шығармалар жинағы» кітабын таныстырды.

Кітапты құрастырушы – жас зерттеуші, «Qyr balasy» ҚҚ-ның ғылыми қызметкері, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1 курс магистранты Данияр Ихсан.

Кітап Қостанай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен жарыққа шықты.

Іс-шараға Ғазымбек Бірімжанның ұрпақтары және зерттеуші ғалымдар, ақын-жазушылар қатысты.