«Тұзды акварель» - акварель бойынша балаларға арналған шеберлік сабағы

«Тұзды акварель» - акварель бойынша балаларға арналған шеберлік сабағы

Тұзбен сурет салу сиқырлы тәжірибеге ұқсайды. Бұл шынымен, ерекше бір затты жасағанды жақсы көретін балаларға арналған іс. Балаларды өнермен таныстыра отырып, оларға әр түрлі әдіс-тәсілдерді көрсету қажет. Музей қызметкері Қостанай қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне тұз және акварельмен дәстүрлі емес сурет салу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Балалар жаңа қол жетімді және қарапайым сурет салу техникасымен танысты.