Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесе көрме ұйымдастырды

Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесе көрме ұйымдастырды

Биыл – балалар әдебиетінің жылы. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің төл құрдасы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейіне 30 жыл, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына 60 жыл толуы – Ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Осыған орай, «Мерейлі жылдағы маңызды міндеттер» ауқымды көрме көрермендер назарына ұсынылып, онлайн-экскурсия өткізілді. Бұл шараны Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара барысында көрменің ашылу лентасы қиылып, жиналған қауымға Zoom платформасы арқылы көрме таныстырылды. Музей қорындағы Ыбырай мұрасының құнды фотоқұжаттары, жәдігерлердің суреті мен оқулықтары көрме сөресінен орын алды.

Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспанов өз сөзінде осы айтулы даталарға тоқталып, құттықтауын білдірді. Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай облыста атқарылатын жоспарлы жұмыстардың бір қатарымен бөлісті.

Іс-шараның соңында музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева музей экспозициясы бойынша онлайн экскурсия жүргізіп, Ы.Алтынсариннің құнды жәдігерлерімен таныстырды.