
1 шілдеде Жастар сарайында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз өнерінің зергері Серік Тұрғынбекұлының 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Құшағы ыстық Қостанай» атты шығармашылық кеш өтті.
Кеш иесін облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын және «Алтын барыс» төсбелгісін тапсырып, Тобыл-Торғай азаматтарының атынан «КІА Serato» маркалы автокөлігін тарту етіп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Кеш барысында ақын шығармашылығы кеңінен насихатталып, әдебиет пен өнердің өзара үндестігі көрініс тапты. І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры және Е. Өмірзаков атындағы облыстық филармония өнерпаздарының орындауындағы музыкалық туындылар кештің мазмұнын байытып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар, Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ұлт рухын жырлаған ақын» кітап көрмесін ұсынды.