Қостанайда кітапхана ісі туралы заң жобасы талқыланды

Қостанайда кітапхана ісі туралы заң жобасы талқыланды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру шаралары туралы» Жарлығында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында биыл 19 маусымда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өңір кітапханашыларының жұмысшы кеңесі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Қарсақбайқызы Сейітова қатысып, Қостанай облысының кітапханашыларымен кездесті. Жиынның негізгі тақырыбы - Қазақстан Республикасының «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Заңының жобасы болды. Кеңес барысында қатысушылар заң жобасының негізгі ережелерін қарастырып, кітапхана саласын дамытудың өзекті мәселелерін, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, оқуға қолдау көрсету және кітапханалардың қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін қалыптастырудағы рөлін күшейту мәселелерін талқылады. Жаңа заңның қабылдануы кітапхана саласын жаңғыртудағы және Қазақстанда оқу мәдениетін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болады.