
2026 жылғы 12-16 мамыр аралығында әртүрлі елдің театр қайраткерлерін біріктіріп, маңызды мәдени оқиғаға айналған «MONOFEST» моноспектакльдерінің II Халықаралық фестивалі өтті.
Фестиваль жалпы көрермендер қауымын әлемдік театр моно өнері саласындағы үздік жетістіктермен таныстыру, халықаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және театр ұжымдары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында өткізілді.
Фестивальдің құрылтайшылары Қостанай облысы әкімінің аппараты және Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы болды. Фестивальді ұйымдастырушылар: театр басшысы Юрий Ивлев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Нина Мазур – театртанушы, белгілі театр сыншысы, драматург; Халықаралық театр институтының Герман орталығының және халықаралық театр сыншылары қауымдастығының (ЮНЕСКО), халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының (Ариа, Лондон) мүшесі, Халықаралық би кеңесі (CID, UNESCO); Халықаралық театр институты (ЮНЕСКО) жанындағы Халықаралық монотеатр форумы кеңесінің мүшесі; көптеген халықаралық еуропалық театр фестивальдерінің кеңесшісі.
Сараптамалық кеңестің құрамына театр өнерінің танымал мамандары кірді: Ментор Зимберай (Косово), Нина Мазур (Германия), Сания Кабдиева (Қазақстан).
«MONOFEST» моноспектакльдердің II Халықаралық фестивалінің бағдарламасы келесі 7 қойылымды қамтыды: «Я – Эдит Пиаф» (А. Умуралиев атындағы Бішкек қалалық драма театры. Бішкек, Қырғызстан), «Ревную? Я?!» («MostArt» тәуелсіз мәдени орталығы. Белград, Сербия), «Жизнь после смерти» (Облыстық орыс драма театры. Қостанай, Қазақстан), «Сундук (Коробка)» (Shtepia Teatrore Filmike AKT. Косово, Приштина), «Публичное одиночество или исповедь провинциального актера» (Н.Г. Чернышевский атындағы Борисоглеб драма театры. Борисоглебск, Ресей), «Сны Гамлета» (Лагодех драма және қуыршақ театры. Лагодехи, Грузия), «За один банан» (El Corral Teatro. Колумбия-Италия).
Фестиваль – бұл әрбір қатысушы, актер ма, режиссер ме, сыншы ма әлде көрермен бе, үлкен халықаралық мәдени оқиғаның бөлігіне айналатын пікірлесу, диалог пен қарым-қатынас кеңістігі.