
2026 жылы 28 мамырда Аманкелді ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қостанай қаласының және Амангелді ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдин атындағы «Көктем – қыздар» атты республикалық әншілер байқауы өтті.
Өнер додасының басты мақсаты – Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығын насихаттау, қазақ ән өнерін дамыту, жас орындаушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 9 әнші қатысты. Сахна төрінде Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл облыстары, Қостанай өңірі мен Шымкент қаласынан келген өнерпаздар өнер көрсетті.
Байқау екі кезең бойынша өтті. Қатысушылар алғашқы кезеңде баян аспабының сүйемелдеуімен Қалибек Деріпсалдиннің бір әнін міндетті түрде орындаса, екінші кезеңде қазақ композиторларының таңдаулы әндерін шырқап, вокалдық шеберліктерін көрсетті.
Қазылар алқасына «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері, дәстүрлі әнші Нұрболат Арзамасұлы төрағалық етті. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бас жүлде – Бейсов Асылбек (Шымкент қаласы)
І орын – Қисатова Салтанат (Павлодар облысы)
ІІ орын – Қасымов Еркебұлан (Астана қаласы)
ІІІ орын – Әмірғазин Алмат (Ақмола облысы, Зеренді ауданы) және Молдабайұлы Таубай (Маңғыстау облысы).