📍 2026 жылғы 12 мамырда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Е.Әбіловтың қатысуымен Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының базасында салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

📍 2026  жылғы 12 мамырда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Е.Әбіловтың қатысуымен Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының базасында салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

📍 2026  жылғы 12 мамырда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Е.Әбіловтың қатысуымен Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының базасында салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында бизнес саласында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Кездесуге Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, салалық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың мамандары және бизнес қауымдастық өкілдері мен Freedom Finance Global PLC компаниясының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, жиынға өңірлік филиал қызметкерлері онлайн форматта қатысты.

 

Кездесу барысында тіл заңнамасын сақтау, көрнекі ақпарат сапасы, тұтынушыларға қызмет көрсету және цифрлық ортада мемлекеттік тілді қолдану мәселелері қарастырылды.

 

Жиында:

✔️ маңдайша, мәзір және жарнама мәтіндерінің сапасы

✔️ кассалық чектерде қазақ тілінің қолданылуы

✔️ сайттар мен мобильді қосымшалардың қазақша нұсқасы

✔️ қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мәселелері талқыланды.

 

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, тілдік талаптарды сақтау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

 

Кездесу соңында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік тілдің бизнестегі қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.