
2026 жылдың 28 сәуірінде цифрландыру және жасанды интеллект жылын іске асыру аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музейде жасанды интеллект технологиясын пайдалану» тақырыбында музей оқуларын өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – музей ісін дамытуда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау және мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдерін талқылау.
Музей оқулары барысында арнайы шақырылған қонақ, сала маманы, «TORUS.KZ» ЖШС вице-президенті Мұхамбетов Миржан Мұхамбетұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект технологиялары туралы айтып түсіндірді.
Іс-шара бағдарламасында: музей саласындағы цифрландыру үрдістері; жасанды интеллект негізінде экспозициялар құру; виртуалды және интерактивті музей жобалары; мәдени мұраны сақтау мен зерттеудегі жаңа технологиялар мәселелері қарастырылды.