«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы қызметініңбос орнына орналасу конкурсын хабарлайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 251431 теңгеден 304964 теңгеге дейін.
Кәсіпорын мекенжайы: 110300, Қостанай облысы, Арқалық қ., Ш. Жәнібек көшесі 86, тел. 8 (71430) 7-00-08.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: спектакльдер дайындау және шығару, көрермендерге оларды стационарда да, көшпелі алаңдарда да жалға беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурс өтетін орны: «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ (Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 60), тел: 8(7142)575323
* мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс.