VІІ Халықаралық «Наурыз достарын шақырады» би өнерінің фестивалі

VІІ Халықаралық «Наурыз достарын шақырады» би өнерінің фестивалі

2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Қостанай қаласы «Жастар» сарайында VІІ Халықаралық «Наурыз достарын шақырады» би өнерінің фестивалі өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің хореографиялық шығармашылығын қолдау және дамыту, оны кеңінен насихаттау, сондай-ақ ұлтаралық мәдени байланыстарды нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты арттыру болды.

Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы, сондай-ақ Қостанай облысынан барлығы 8 хореографиялық ұжым қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушы дипломдармен, мүсіндермен және буклеттермен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DV_RPT2CVIa/?igsh=MTc2cHYweHg1aHR0dA==

https://www.instagram.com/reel/DWCZ8v9CT7i/?igsh=MWtzdnFzaDlibjMwMg==