
2026 жылғы 25-28 наурыз аралығында облыстық орыс драма театры Сантандер қаласында (Испания) өткен «Otras Voces» («Другие голоса») халықаралық монодрама фестиваліне Нина Мазурдың пьесасы бойынша (реж. Евгения Тикиджи-Хамбурьян, актер Руслан Бушинский) «AMOK.PS» спектаклімен қатысты.
Бұл іс-шара Еуропаның театр қайраткерлері арасындағы кәсіби және мәдени алмасу кеңістігі ретінде ұйымдастырылған. Фестивальге бес ел қатысты: Сербия, Косово, Қазақстан, Черногория, Испания.
La Teatreria DE Abrego театры ұйымдастырған фестиваль ITI/ЮНЕСКО Монодрама форумының вице-президенті – Нина Мазурдың қамқорлығымен жоғары кәсіби деңгейде өтті. Сонымен қатар, фестиваль аясында кездесулер мен талқылаулар, шеберлік сағаттары, әртістер арасында тәжірибе алмасулар болды.
Фестиваль соңында 6 адамнан тұратын театрдың барлық шығармашылық тобы диплом алды.