Посмотреть эту публикацию в Instagram
Іс-шараны облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев ашып, «Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа» тақырыбында кіріспе сөз сөйледі. Ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңызына тоқталып, ел дамуы үшін бұл бастамалардың стратегиялық рөлін атап өтті.
Кездесу барысында «AMANAT» партиясының ардагері, қоғам қайраткері Злиха Жылқыбаева «Конституцияны бірге түсінейік» тақырыбында баяндама жасап, негізгі нормалардың мазмұнын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізді.
Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты, Евгений Сотников «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы» баяндама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің мәніне кеңінен тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Ашық диалог алаңы форматында өткен жиында конституциялық реформаның қоғам өміріндегі маңызы жан-жақты талқыланды.
#ЖАЛПЫҰЛТТЫҚКОАЛИЦИЯ
#ЖАҢАКОНСТИТУЦИЯ
#РЕФЕРЕНДУМ2026
#РЕФЕРЕНДУМ2026CREATIVEKAZAKHSTAN