
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Театр сыншылары бірлестігі тағайындаған беделді «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биыл 7 мәрте өткізіліп отырған бұл шара еліміздегі театр ұжымдарының шығармашылық тыныс тіршілігін саралап, 2025 жылы атқарылған шығармашылық жұмыстар, көркемдік ізденістер мен кәсіби жетістіктерді бағалауға бағытталған маңызды мәдени алаң. Жеңімпаздар жыл сайын ұйымдастырылатын «Қазақстан театрлары – 2025» мониторингінің қорытындысы бойынша анықталды. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 60 театр қатысты.
Режиссер Н. Сабашвили қойған Қостанай облыстық қуыршақ театрының «MEN…» спектаклі «Қуыршақ театрының жыл қойылымы» номинациясында жеңімпаз атанып, 2026 жылы Түркияның Анкара қаласында өтетін Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысуға жолдама берген арнайы сертификатпен марапатталды.
Мониторинг нәтижесінде өңір руханиятының қара шаңырағы І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры 5 номинацияда лонг парақшаға ілініп, соның екеуінде үздік деп танылды: