«Шоқан» спектаклінің премьерасы

«Шоқан» спектаклінің премьерасы

2025 жылғы 17-18 желтоқсанда Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы әрі саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай Сәбит Мұқановтың пьесасы желісімен сахналанған «Шоқан» спектаклінің премьерасы өтті (режиссері Бәзіл Сұлтанғазы).

Маңызды мәдени шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов арнайы қатысып, театр ұжымын айтулы премьерамен құттықтады.Облыс әкімі атынан театр ұжымына ықылас гүлін табыстап, қойылымның мазмұндық тереңдігі мен тарихи мәніне жоғары баға берді. Қойылымның бірлескен идея авторы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Динара Утебаева сөз сөйлеп, бұл жобаның басты мақсаты – Шоқан Уәлихановтың тағылымды өмірі мен рухани мұрасын бүгінгі ұрпаққа театр тілі арқылы кеңінен таныту екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол спектакльдің жүзеге асуына атсалысқан шығармашылық ұжымға алғысын білдіріп, тарихи тұлғаларды дәріптейтін осындай жобалардың маңыздылығы жайлы айтты.