Ә. ЕСПАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ

Ә. ЕСПАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ

А.ж. 5 қарашасында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында көрнекті композитор, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбілахат Еспаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, филармония солистері, камералық оркестр мен Астанадан арнайы келген дәстүрлі әншілер Дария Бекпенбетова мен Айдос Саниязбек өнер көрсетті.

Кеш барысында композитор жайлы деректі фильмдерден үзінділер беріліп, «Аққуым менің», «Ұстазым», «Әлі есімде», «Қыз қуу», «Торғай таңы», «Толқиды Тобыл», «Көңілді қыс», «Сайра, сандуғашым», «Қайдасыңдар, достарым», «Жайық қызы», «Маржан-ай», «Туған ел», «Қыз әзілі» т.б әндері орындалып, шығармашылық өмір жолы баяндалды.

Концертке Ә.Еспаевтың қыздары Гүлмира және Гүлсім Еспаевалар қатысты. Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Атамұратов құттықтау сөз сөйлеп, қызы Г.Еспаева әкесі жайлы естеліктерін айтты.

Ә.Еспаевты еске алу Қостанай облысында жылдың басында Арқалық қаласында басталып, қалған өңірлерде жалғасын тапты. Кітапханаларда көрме ұйымдастырылып, музейлерде іс-шаралар өткізілді.