Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Беркенованың 75 жасқа толуына арналған «Өмірмен кеңес» атты шығармашылық кеші

Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Беркенованың 75 жасқа толуына арналған «Өмірмен кеңес» атты шығармашылық кеші

А.ж. 21 қараша күні «Жастар сарайы» концерт залында Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Беркенованың 75 жасқа толуына арналған «Өмірмен кеңес» атты шығармашылық кеші өтті. Шара поэтикалық импровизация мен театрландырылған көріністерді үйлестірген сахналық форматта ұйымдастырылды.

Кеш барысында ақынның әдеби және музыкалық мұрасы, шығармашылық жолы, жан сырын ақтарған жырлары мен әуезді әндері көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Өмірмен кеңес», «Әулиекөл», «Балалықты аңсау» және басқа да шығармалары орындалды. Экраннан көрсетілген архивтік материалдар қонақтарға ақынның өмірі мен өнер жолына тереңірек үңіліп, оның рухани мұрасының мән-маңызын түсінуге мүмкіндік берді.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мәдениет басқармасы (@madeniet_basqarmasy)