«Айдын жырдың аққуы» республикалық ақындар айтысы

«Айдын жырдың аққуы» республикалық ақындар айтысы

2025 жылғы 20 қарашада Жастар сарайында Қазақстанның Халық ақыны, «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Беркенованың 75 жас мерейтойына арналған «Айдын жырдың аққуы» республикалық ақындар айтысы өтті. Тартысқа толы жыр додасында еліміздің әр өңірінен келген дүлдүлдер сөз сайысына түсіп, көрерменге мазмұнды да мағыналы өнер кешін ұсынды.

Жыр додасының тізгінін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев ұстады. Қазылар қатарында Жүрсін Ерман, Әсия Беркенова, Жанарбек Әшімжан, Алмасбек Алматов және Ақылбек Шаяхмет болды.

Айтыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік өнер көрсеткен ақындарды анықтап, жүлдегерлерді марапаттады:

Бас жүлде – Әсем Ережеқызы (Абай облысы), І орын – Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе облысы), ІІ орын – Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы) және Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы), ІІІ орын – Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы) және Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы). Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталды, қалған ақындарға ынталандыру сыйлығы берілді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтыс мерекесімен жыр сүйер қауымды құттықтап, ақындарға алғысын айтты, Әсия Әйіпқызына ықылас гүлін табыс етіп, жылы лебізін жеткізді.

Айтыстың тағы бір жарқын сәті – облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың мерейтой иесі – Әсия Беркеновға және Тобыл-Торғай өңіріне «Алтын домбыра» алып келген Айбек Қаливке темір тұлпар мінгізді.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мәдениет басқармасы (@madeniet_basqarmasy)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мәдениет басқармасы (@madeniet_basqarmasy)