«Біз болмасақ – сіз барсыз» Ы. Алтынсариннің туған күніне орай, ұлы ағартушының аталас-туыстарымен онлайн-дөңгелек үстелде сыр-сұхбат

«Біз болмасақ – сіз барсыз» Ы. Алтынсариннің туған күніне орай, ұлы ағартушының аталас-туыстарымен онлайн-дөңгелек үстелде сыр-сұхбат

Өткізілетін орны: «Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі» КММ,  Zoom платформасы

Өткізілетін уақыты: 2020 жылдың 20-қазанында, сағ.14.00-де.

Мақсаты:  Ұлы ағартушының мұрасына тарихи шолу, оны насихаттау және зерттеу:

  • Ыбырай Алтынсарин ұлытымыздың тұнғыш педагог-ағартушысы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, Қазақстандағы алғашқы орыс-қазақ зайырлы мектебінің негізін қалаушы;
  • Музейдегі ғылыми қорды дерек көздерімен толықтыру (шежіре тарихы, фотосуреттер)

 

Ұйымдастырушылар:

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының

«Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайы» КММ

 

Онлайн-дөңгелек үстелде сыр-сұхбатқа қатысушылар: 

Абдолла Ыбырайұлының ұрпақтары, Балғожа бидің немересі Оспан мен Нұхман Қошанұлының ұрпақтары, Балғожа бидің аға бауыры Қанқожаның ұрпақтары, Балғожа бидің інісі Көтібар әулетінің ұрпақтары, ыбырайтанушылар, музей, мәдениет және білім беру қызметкерлері мен оқушылары

 

Ақпараттық анықтама

20-қазан –  Ы. Алтынсариннің туған күніне орай, ұлы ағартушының аталас-туыстарымен «Біз болмасақ – сіз барсыз» атты дөңгелек үстелде сыр-сұхбат өтеді. Ыбырайдың қара шаңырағы саналатын мемориалдық музейде ұйымдастырылған онлайн-жиынға Тараз, Шу, Алматы, Ақтөбе, Рудный, Қостанай қалаларында тұратын Абдолла Ыбырайұлының ұрпақтары, Балғожа бидің немересі Оспан мен Нұхман Қошанұлының ұрпақтары, Балғожа бидің аға бауыры Қанқожаның ұрпақтары, Балғожа бидің інісі Көтібар әулетінің ұрпақтары қатысады. Кеш барысында Ы. Алтынсариннің туыстары өздеріне ортақ шежіресі жайлы сыр шертісіп, бүгінгі тұрмыс-тіршілігі мен қызметі жайында әңгіме өрбітпек. Кездесу барысында музей қорындағы фото-құжаттар мен шежірелер жиынтығынан құралған презентация іс-шара мазмұнын ашады.

Дөңгелек үстел модераторы – Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің жетекші ғылыми қызметкері Жүсіпов Руслан Батырханұлы.

Дөңгелек үстел Zoom платформасында онлайн форматта өтеді, сілтемесі:

https://us04web.zoom.us/j/9426706452?pwd=WTZIU21RSmRDaEliZk01amo2d0JpZz09

Идентификатор:  942 670 6452

Рұқсат коды: 147852

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық  музейінің байланыс телефондары: 53-03-64; 53-19-97,  87751009485 e-mail: muzei_altynsarin@mail.ru