«Әлем діндері» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай руханият сағаты

«Әлем діндері» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай руханият сағаты

18 қазанда Қазақстанда рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл бірлік пен кешірім күні барлық қазақстандықтар үшін маңызды.

Мереке қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері облысымыздың діни конфессияларының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Қостанай облыстық Аймағамбет қажы Спанұлы атындағы мешіттің Наиб-имамы Бақытжан Икрамұлы  және Михаил Архангель шіркеуінің аға попы, Клеба Виталий Павлович қатысты.

Әңгіме барысында дүниежүзілік рухани құндылықтар және жер бетінде бейбітшілікті қалай сақтау керек туралы мәселелер талқыланды.

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/924950187995864/

https://vk.com/video397862586_456239247

https://www.instagram.com/tv/CGY8WGWgTK9/?utm_source=ig_web_copy_link