2025 жылы 4 қарашада Қостанай облыстық орыс драма театрының ұжымы және қоғам өкілдері көрнекті қазақ ағартушысы, жазушы және қоғам қайраткері Мыржақып Дулатұлыныңың ескерткішіне салтанатты гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтарын қоюға Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының өкілдері, БАҚ өкілдері, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты, олардың арасында Мыржақып Дулатұлының жиені, қоғам қайраткері –Бақберген Қасымұлы Өтеулин; мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі – Сергей Михайлович Жалыбин; қоғам қайраткері –Бағытұр Әлімбайұлы Дандыбаев болды.
Гүл қою рәсімінен кейін Қостанай облыстық орыс драма театрында «Менің әкем - Мыржақып Дулатов» спектаклінің баспасөз көрсетілімі өтті. Пьесаның авторы және қоюшы режиссері-Евгения Тикиджи- Хамбурьян. Қойылым жанры – өмірбаяндық материалдарға негізделген деректі-драмалық композиция.
2025 жылы Мыржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толады. 4 қараша күні кездейсоқ таңдалған жоқ! Бұл М. Дулатұлының ақталған күні. 1988 жылғы 4 қарашада «Алаш» қайраткерлерін ақтау күні жарияланды, олардың қатарына Міржақып Дулатұлы да кіреді. Бұл күн Қазақстанның ұлттық тарихы үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз айыпталған адамдардың абыройын қалпына келтіруге арналған.
Мыржақып Дулатұлы – ақын, жазушы, публицист, педагог және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшыларының бірі. Ол қазақ әдебиетінің бастауында тұрып, халықты ағартушылыққа, еркін ойға және мәдени бірегейлікті сақтауға шақырды. Оның бостандық, ағартушылық және азаматтық жауапкершілік туралы идеялары ұлттық қадір-қасиет пен рух күшінің құндылығын еске сала отырып, бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Мыржақып Дулатұлының есімі Қазақстан тарихында ағартушылық қызмет пен өз халқының болашағына деген сенімнің нышаны ретінде мәңгілікке жазылған.
14, 15, 16 қарашада орыс театрында «Мой отец – Мыржакып Дулатов» атты деректі-драмалық композицияның премьералық көрсетілімдері өтеді.