Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығарма V Республикалық байқауының қорытындысы

Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығарма V Республикалық байқауының қорытындысы

2025 жылдың 4 қараша күні Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма V Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Мерейтойлық байқаудың қорытындысын Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары С. Д. Жүсіпов қорытындылады.

«Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша байқаудың жеңімпазы Нұрбек Нұржанұлының (Алматы қ.) «Қанатты шабандоз» повесі болды, ол сонымен қатар балалар қазылар алқасының оң бағасына ие болып, арнайы жүлдеге ие болды.

«Орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма» номинациясының жеңімпазы Елена Клепикова мен Ксения Земскованың (Алматы қ.) авторлық дуэтінің «Удивительный мир Красной книги» (Қазақстанның сирек өсімдіктері мен жәндіктері туралы әңгімелер) туындысы болды.

Қазақстан әдебиеті мерекесі «Таза бұлақ» жинағының бесінші шығарылымының тұсаукесерімен жалғасты. Бұл жинақ облыстың мәдениет саласындағы балалар кітапханаларының қорын толықтырды.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, балалар және мектеп кітапханаларының кітапханашылары, педагогтар қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Ахмет Бірімжанов атындағы мектеп пен № 11 мектептің 6 сынып оқушылары «Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша байқаудың жеңімпазы қазақстандық жазушы Нұрбек Нұржанұлымен кездесті. Жазушы байқауға қатысу туралы өз әсерімен бөлісіп, «Қанатты шабандоз» повесінің құрылу тарихы туралы айтып берді.