
30 қазанда Жастар сарайында Кітапханашы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б. Атамұратов кітапхана қоғамдастығының өкілдерін құттықтап, өңірдің үздік кітапхана қызметкерлерін ведомстволық наградалармен, Қостанай облысы әкімінің, мәдениет басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының грамоталарымен марапаттау рәсімін өткізді.
Мереке кітапханашылардың еліміздің мәдени және зияткерлік мұрасын сақтауға қосқан маңызды үлесін мойындаудың символына айналды.