"QITFest" Халықаралық театрлар фестивалі

"QITFest" Халықаралық театрлар фестивалі

2025 жылы 1-6 қазан аралығында Қостанай қаласында І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының 25 жылдығына орай, «QITFest» халықаралық театр фестивалі өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – театр өнері арқылы халықаралық байланыстарды дамыту, шет елдермен мәдени тәжірибе алмасу және жаңа шығармашылық тұрғыда ынтымақтастықты орнату.

Фестивальге Қазақстан, Түркия, Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей театр ұжымдары қатысты.

Фестивальге қазақ өнерінің тарландары, КСРО және Қазақстанның Халық әртістері, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, белгілі театр және кино актерлері Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР мәдениет және ақпарат министірлігінің мәдениет комитеті театр өнері басқарма басшысы Алтынгүл Нұрбекова құрметті қонақ ретінде қатысты.

Қазылар алқасының құрамында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры, театртанушы, өнертану кандидаты, ҚР театр сыншылар бірлестігінің төрағасы – Еркебай Анар Сайымжанқызы; театртанушы, өнертану кандидаты, Қауымдастырылған профессор, ҚР театр сыншылар бірлестігінің төрағасы – Мұқан Амангелді Оразбайұлы; профессор, театртанушы, өнертану доктор, ҚР театр сыншылар бірлестігінің мүшесі – Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы; ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Бахтыгереев Бейбіт Салауатұлы; театр сыншысы. Ресей Федерациясының мәдениет қайраткері –Кузнецова Евгения Борисовна болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

- «Ілияс Омаров атындағы жүлде» Вардан Аджемян атындағы  мемлекеттік драма театры (Гюмри,Армения), «Шекарадағы үй» спектаклі;

- «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» Шалва Дадиани атындағы Зугдиди мемлекеттік кәсіби драма театры (Грузия), «Франкенштейн» спектаклі;

- «Қола жүлде » М. Өтемісов атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры (Атырау қ.), «Жалғыздық» спектаклі;

- «Күміс жүлде » Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры (Өскемен қ.), «Чехов. Толстой. Абай.Вишневый сад. Война и мир» спектаклі;

- «Алтын жүлде» Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық-драма театры (Қызылорда қ.), «Найзағай» спектаклі.