Бүгін Лисаковск қаласында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» аймақтық форумы өтті. Іс-шараны қала әкімдігі ұйымдастырды. Форумды қала әкімінің орынбасары Салтанат Қазымбекқызы Шалдыбаева ашып берді.
🔹 Қостанай облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Кенжегали Бимаганбетов басшылықтың құттықтауын жеткізіп, өңірдегі тіл саясаты жайлы айтты.
🔹 «Тілдарын» орталығының басшысы Тоты Әбдібекқызы тіл оқыту орталықтарының жұмысымен таныстырды.
Форумға зиялы қауым, тіл мамандары, БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
✨ Мемлекеттік тілді насихаттап жүрген азаматтар марапатталды.